Видео. «Барса – жезөкше!» Жанкүйерлер каталондықтарды «Алтын доп» салтанатында қорлады
Парижде өтіп жатқан «Алтын доп» марапатын табыстау кеші күтпеген жерден жанжалға ұласты. «Барселона» делегациясы қызыл кілемге шыққан сәтте ашулы жанкүйерлер команда ойыншылары мен клуб өкілдерін балағаттаған ұрандармен қарсы алды.
«Барса – жезөкше, Барса – жезөкше!» – деп айқайлаған топтың әрекеті салтанатқа жиналған қонақтар мен журналистерді есеңгіретіп тастады.
Айта кетейік, «Барселона» бұл кешке басты фавориттердің бірі ретінде келген еді. Каталондық клубтың намысын екі үміткер қорғайды: небәрі 18 жастағы жас феномен Ламин Ямаль мен шабуыл шебінің жетекшісі атанған бразилиялық вингер Рафинья.
Бұған дейін салтанатты кешке «Алтын допқа» басты үміткерлердің бірі саналатын Усман Дембеле де келіп, өзінің әсерлі пайда болуымен көпшіліктің назарын аударған болатын.