«Барселона» – «Хетафе». 21 қыркүйек. Онлайн көру. Live көрсетілім
«Барселона» «Хетафемен» кездеседі
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
22 қыркүйектен 23-не қараған түні «Барселона» Испания чемпионатының кезекті ойынын өткізеді. «Кройф аренасында» каталондықтар Ла Лиганың 5-тур аясында «Хетафені» қабылдайды.
«Барса» бұл матчқа жоғары көңіл күйде келеді: өткен турда команда Ханс-Дитер Флик жетекшілігімен «Валенсияны» 6:0 есебімен тас-талқан етті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ал «Хетафе» де бабында. 4-турда мадридтік клуб «Реал Овьедоны» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, сенімді жеңіске жетті.
Кездесу Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Ойынды Setanta Sports 2 арнасынан тікелей тамашалауға болады.