locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Қазақстандық вундеркинд Еуропада дубль жасап, нәтижелі пас берді

«Генк» академиясының 17 жастағы қанаты жолдастық кездесуде жарқырады
ФОТО: doppalife

«Генк» академиясының 17 жастағы қазақстандық қанат ойыншысы Шахмурат Дәулетов «Бохолтқа» қарсы жолдастық кездесуде жарқырай өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

17 жастағы қанат ойыншысы Бельгияның деңгейі бойынша төртінші дивизионында өнер көрсететін командаға қарсы жолдастық матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Қазақстандық талантқа мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін алаңда 60 минут ойнау жеткілікті болды.

Айта кетейік, Дәулетов екінші лигада 11-орында келе жатқан U-23 «Йонг Генк» жастар командасына ауысар алдында Бельгияда бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Бұл турнирдегі футболшылардың орташа жасы – 23,1 жыл.

Футболшы осы уақытқа дейін мансабында бірнеше клуб ауыстырып үлгерді. Ол футболдағы жолын Алматының «Қайратында» бастап, кейін «Антальяспорға» ауысты, одан соң «Беерсхот» сапында өнер көрсетті. Дәулетовтің келесі қадамы тамыз айында ауысқан бельгиялық «Генк» болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie