Видео. Анарбеков «Селтиктің» үмітін жалғыз өзі қалай күйретті?
Темірлан Анарбеков «Қайратты» тарихқа шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қайрат ФК
Алматыда өткен футбол түні жанкүйерлердің жүрегін дүр сілкіндірді. «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы жауапты плей-офф ойыны нағыз драмаға айналды. Негізгі және қосымша уақыт 0:0 есебімен аяқталып, тағдырды пенальтилер сериясы шешті.
Осы сәтте бар назар 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбековке ауды. Жас қақпашы алдымен алғашқы пенальтиді қайтарып, артынша екінші соққыны да тойтарды. Ең шешуші сәтте тағы бір қауіпті соққыны тосып, «Қайратты» көптен күткен арманға жеткізді.
Осылайша, алматылық клуб тарихта алғаш рет ЧЛ-ның топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл тек қана команданың емес, бүкіл қазақстандық футболдың мерейлі сәті. Алматыда енді алғаш рет әйгілі гимн шырқалатын болады.