Алматы тарихындағы ұлы түн: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды!
Алматылық «Қайрат» қазақ футболының жаңа тарихын жазды. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигіне» қарсы өткен шешуші ойында қазақстандық клуб айқастың нағыз кейіпкеріне айналып, тұңғыш рет Еуропаның ең беделді клубтық додасының топтық кезеңіне шықты.
Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Жоржиньо соққысы қақпа жанынан зулап өтті, ал екінші таймда алаң иелері айып добын талап еткен сәтінде төреші үнсіз қалды. Қосымша уақытта қос команда да сақ ойнап, матч тағдырын пенальти сериясы шешті.
Бұл жерде 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбековтің жұлдызы жарқырады. Жас қақпашы үш бірдей пенальтиді қайтарып, «Қайратты» алға сүйреді. Қорытынды есеп - 3:2, ал Алматы алғаш рет Чемпиондар лигасының әнұранын топтық кезеңде естиді.
Чемпиондар Лигасы, іріктеу, плей-офф
«Қайрат» — «Селтик» — 0:0 (пен. 3:2)
Кештің қаһарманы: Темірлан Анарбеков.
Бұл жеңіс - тек клубтың емес, бүкіл қазақстандық футболдың абыройын асқақтатқан тарихи сәт.