Қуу жалғасуда. Чемпиондық жарыстағы «Реал» мен «Барселонаның» қазіргі жағдайы қандай?
Ла Лиганың 17-туры чемпиондық жарыстағы негізгі бағыттарды айқындап берді – әзірге бұл бәсеке «Барселонаның» ыңғайымен өрбіп келеді.
Каталондық клуб турнир кестесінің көшін сенімді түрде бастап тұр. 18 матчтан кейін «Барселона» 46 ұпай жинап, чемпионаттың жалпы ырғағын өзі белгілеп отыр. Сырт алаңда «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңуі «блауграна» позициясын одан әрі нығайта түсті.
Мадридтің «Реалы» басты қуғыншы мәртебесін сақтап келеді. Корольдік клуб 18 турдан соң 42 ұпаймен екінші орында тұр және көшбасшыдан бір матчтық қашықтықта қалып отыр.
Үздік үштікті 37 ұпайы бар «Атлетико» түйіндейді. Мадридтік команда өз қарқынын жоғалтпай, жоғарғы орындар үшін күрестен тыс қалған жоқ. Ал дәл артынан 35 ұпай жинаған «Вильярреал» орналасқан. Оның үстіне олардың бір ойыны кем – бұл алдағы турларда турнирлік жағдайға тікелей әсер етуі мүмкін.
Кестенің орта бөлігінде тығыздық ерекше: бесінші орыннан оныншы орынға дейінгі аралықта командаларды небәрі бірнеше ұпай ғана бөліп тұр. «Севилья» 17 турдан кейін 20 ұпаймен оныншы сатыда келеді. Команда маусымды тұрақсыз өткізіп жатыр және әзірге еурокубок аймағына нақты талас жүргізіп отырған жоқ.
Төменгі бөлікте де жағдай күрделі. Соңғы орында «Леванте» тұр. 16 матчтан кейін небәрі 10 ұпай жинаған ұжым әзірге Ла Лигадан ұшып кетуге басты үміткерлердің бірі болып көрінеді.
