locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Испания 2026 жылғы әлем чемпионатынан бас тартуға дайын. Мәселе неде?

Бұған дейін Испания Израильге байланысты 2026 жылғы Евровидениеден бас тартқан болатын
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Испания 2026 жылғы әлем чемпионатынан бас тартуға дайын. Мәселе неде?
ФОТО: Getty images

Испания футбол құрамасы, егер Израиль құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алса, турнирге қатысудан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы Конгресстегі Социалистік топ өкілі Пачи Лопеске сілтеме жасап хабарлайды.

Испания үкіметінің ұстанымы израильдік спортшылардың халықаралық додаларға қатысуы туралы қызу пікірталастар аясында пайда болды. Конгресстегі баспасөз мәслихатында Лопес спорттық ұйымдарды Израиль өкілдерін жарыстардан шеттетуге шақырды.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жарғылары ұлттық федерациялардың ісіне үкіметтердің араласуына қатаң тыйым салады.

Қазіргі таңда Испания құрамасы екі турдан кейін 6 ұпай жинап, өз іріктеу тобында көш бастап тұр, Түркия мен Болгарияны тас-талқан етіп жеңді. Израиль 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу тобында бес матчтан кейін тоғыз ұпайға ие болып, Италиямен екінші орында тұр. Соңғы іріктеу матчында Израиль (ресми түрде) өз алаңында Италиядан сирек 4:5 есебімен жеңілді.

Бұған дейін Испания Израильдің қатысуына байланысты 2026 жылғы Евровидениеден де бас тартқан болатын. Испания билігінің ұстанымы: Израиль мен оның өкілдері Газа секторындағы әскери қимылдарға байланысты барлық спорттық және мәдени шаралардан аластатылуы тиіс.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie