УЕФА Барселонаның қайтыс болған дәрігерін еске алу үшін бір минут үнсіздік өткізеді
"Барселона" мен "Бенфиканың" арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 екінші матч алдында УЕФА Каталония клубының дәрігері Карлес Миньяро Гарсияны еске алу үшін бір минут үнсіздік ұйымдастырады, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
Миньяро Гарсия Ла Лиганың 27-ші турында "Барселонаның" “Осасунамен” кездесуіне дейін қайтыс болды. Қайғылы жағдайға байланысты 8 наурызға жоспарланған матч кейінге қалдырылды, бірақ жаңа күн әлі жарияланған жоқ.
"Барселона" мен "Бенфиканың" арасындағы Чемпиондар лигасының екінші ойыны 11 наурызда өтеді, бастапқы ысқырық Астана уақытымен 22:45-те естіледі. Бірінші кездесуде каталондықтар 1-0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай–ақ оқыңыз: Барселона – Осасуна ойынының жаңа күні қашан белгіленеді?