Тугарев «Елімайдан» кетті: жартылай қорғаушы командамен қош айтысты
Ресейлік ойыншы маусымның алғашқы жартысында 15 матчқа қатысқан
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Елимай»
Ресейлік жартылай қорғаушы Роман Тугарев Семейден кетті.
26 жастағы футболшы клубқа 2024 жылдың басында Ростовтан кеткеннен кейін қосылды. «Елімай» сапында Тугарев 15 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Бұған дейін футболшы тек өз елінде өнер көрсеткен. Ойыншы мансабында «Локомотив» (Мәскеу), «Ростов» және «Торпедо» (Мәскеу) сияқты командаларда өнер көрсетті.
15 турдың қорытындысы бойынша семейлік команда 24 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.
Рамазан Оразов қайтадан Қазақстан чемпионатында: Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы «Елімаймен» келісімшартқа отырды.