locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рамазан Оразов қайтадан Қазақстан чемпионатында: Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы «Елімаймен» келісімшартқа отырды

Еуропадағы мансап кезеңінен кейін Оразов еркін агент ретінде Семей клубының қатарына қосылды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Рамазан Оразов қайтадан Қазақстан чемпионатында: Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы «Елімаймен» келісімшартқа отырды
ФОТО: ramazanorazov инстаграм парақшасынан

Семейлік «Елімай» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді.

Бұған дейін ойыншы Данияның «Силькеборг» клубында өнер көрсеткен болатын. Оразов Қазақстан Премьер-лигасының өкіліне еркін агент ретінде қосылды.

Еске салайық, 2024 жылдың жазында Рамазан Оразов Қостанайдың «Тоболынан» Дания чемпионатына ауысып, «Силькеборг» сапында 24 матч өткізіп, үш гол соқты. Оған дейін ол Словенияның «Копер» клубында ойнаған, алайда 2024 жылдың қаңтарында команда келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған еді.

Халықаралық деңгейде Оразов Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 2021 жылдың 31 наурызында Украинаға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында дебют жасаған. Сол уақыттан бері ұлттық құрамада 31 ойын өткізіп, бір голмен көзге түскен.

Енді Рамазан Оразов отандық чемпионатқа оралып, өршіл мақсаттары бар «Елімай» сапында өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ Ғалымжан Кенжебек «Елімайдың» ойыншысы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie