locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркістандық «Тұран» құрамын молдовалық шабуылшымен толықтырды

Солодовников «Ұлытаудан» Түркістанға ауысты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Түркістандық «Тұран» құрамын молдовалық шабуылшымен толықтырды
ФОТО: ФК «Туран»

Sports24.kz мәліметінше, 25 жастағы молдовалық шабуылшы Николай Солодовников Түркістанның «Тұран» клубының ойыншысы атанды.

Ағымдағы маусымның бірінші жартысын Солодовников «Ұлытауда» өткізді. Ол команда сапында 15 матчқа қатысып, бір голмен көзге түсті.

Шабуылшы – Тирасполь қаласындағы «Шериф» клубының түлегі. Бұған дейін ол Молдованың «Динамо-Авто», «Сфынтул Георге», «Флорештъ», сондай-ақ Литваның «Судува», Албанияның «Кукеси» және Польшаның «Висла Сандомир» клубтарында ойнаған.

Солодовников Молдова ұлттық құрамасы сапында екі матч өткізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Тұран» екі метрлік ресейлік қақпашымен толыққан болатын.

Сонымен қатар, Аслан Дарабаев та Түркістан клубында мансабын жалғастырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie