Трампты қолдады ма? АҚШ бас бапкері Панаманы тас- талқан етеміз деді
Маурисио Почеттино КОНКАКАФ Ұлттар лигасының Панамаға қарсы жартылай финалы алдында матчтың саяси астарын талқылаудан бас тартты. АҚШ құрамасының бапкері команда тек ойынға көңіл бөлуі керек екенін айтып, саясатқа араласу қажетсіз деді.
Кездесуге деген қызығушылықты Дональд Трамптың Панама каналына қатысты соңғы мәлімдемелері одан әрі күшейтті. Дегенмен, Почеттино басты мақсат – жеңіске жету екенін атап өтті. "Біз қарсыластан мықты болып, алаңда барымызды салып, өз еліміздің намысын қорғауымыз керек", – деді ол.
Сонымен қатар, бапкер "Біз Панаманы жеңіп, әрі қарай жылжуды қалаймыз", деп мәлімдеді, бірақ бұл сөзін тек спорттық мағынада айтқанын нақтылады. Ал Панама құрамасының жаттықтырушысы Томас Кристенсен мүлде саясатқа араласпай, тек тактикаға мән беретінін жеткізді.
АҚШ пен Панама құрамалары 21 наурызда таңертең, Қазақстан уақыты бойынша, КОНКАКАФ Ұлттар лигасының жартылай финалында кездеседі.
Алдын біз: Левандовски Барселонада ең көп жалақы алатын ойыншы. Ямаль қандай табыс табады?