«Тоттенхэм» болашағы зор жартылай қорғаушы үшін қомақты қаржы төлеуге дайын, оған «Манчестер Юнайтед» те көз тіккен
«Кристал Пэлас» командасының жартылай қорғаушысы Адам Уортон жақын арада клубын ауыстыруы мүмкін.
21 жастағы футболшыға «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед» және «Челси» қызығушылық танытып отыр. Ол нағыз жұлдызға айналуға қауқарлы және «Тоттенхэм» бұл жартылай қорғаушы үшін қомақты соманы төлеуге дайын, деп хабарлайды Caughtoffside.
TeamTalk мәліметінше, «Тоттенхэм» маусым басында-ақ ойыншыны сатып алуды қарастырған, алайда келісім жүзеге аспады. Сол уақытта «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысын сатқысы келмеген еді. Қазір де олар Уортонды ұзақ уақытқа клубта ұстап қалуға үміттенеді.
Дегенмен «Тоттенхэм» клуб басшылығын көндіру үшін қомақты қаржы төлеуге дайын.
«Манчестер Юнайтед» те Уортонға аса қызығушылық танытуда. Оларға орталық алаңда сапа мен тереңдік керек, ал 21 жасар ойыншы бұл мәселені шешуге көмектесе алар еді.
Бұған дейін «МЮ»-дің «Реалдың» жұлдызы үшін 200 млн еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын.