Трансферлік бомба: «МЮ» «Реалдың» жұлдызы үшін 200 млн еуро төлеуге дайын. Бұл кім?
Манчестерліктер құрамын жұлдызды ойыншымен толықтырғысы келеді
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем «Манчестер Юнайтедтің» назарында. «МЮ» ағылшын футболшысы үшін трансферлік рекорд орнатуға дайын, деп хабарлайды Ok Diario.
Дереккөздің мәліметінше, манчестерліктер «корольдік клубқа» келесі жазда ойыншы үшін 200 млн еуро ұсынуға әзір. Бұған дейін олар ешқашан мұндай соманы футболшыларға төлемеген.
Джудтың өзіне «Юнайтед» алты жылдық келісімшарт пен жылына 15 млн еуро жалақы беруге дайын. Дегенмен, Беллингем әзірге «Реалдан» кетуді ойламайды.
Джуд – «МЮ» трансферлік нарығындағы жалғыз нысана емес. Манкуниандықтар сондай-ақ неміс клубының жұлдызына да көз тігіп отыр.