«Тоттенхэм» 17-орынмен Чемпиондар лигасына жолдама алды: маусым «Брайтонға» қарсы жеңіліспен аяқталды
Ағылшын Премьер-лигасының 2024/25 жылғы маусымындағы соңғы, 38-турында лондондық «Тоттенхэм» өз алаңында «Брайтоннан» ірі есеппен жеңіліп қалды - 1:4.
Есепті ойынның 17-минутында Доминик Соланке пенальтиден ашты. Алайда екінші таймда алаңда толықтай «Брайтонның» үстемдігі орнады. Қонақтар сапынан Хиншелвуд дубль авторы атанды, ал 88-минутта О’Райли пенальтиден гол соқты. Қорытынды есепті 90+3-минутта Дэнни Гомес белгіледі.
АПЛ. 38-тур
«Тоттенхэм» — «Брайтон» — 1:4
Голдар: Соланке, 17 (пен.) — Хиншелвуд, 51, 64, О’Райли, 88 (пен.), Гомес, 90+3
Маусым қорытындысы бойынша «Тоттенхэм» 38 ұпаймен 17-орынға тұрақтады. Соған қарамастан, команда келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысады - бұл жолдама клубқа Еуропа Лигасындағы жеңісі арқылы келді.
Айта кетейік, «Тоттенхэм» еурокубок жеңіп алып, ұлттық чемпионатта ең төмен орын алған алғашқы команда ретінде футбол тарихында қалды. Бұған дейін мұндай нәтиже көрсеткен командалар қатарында тек 14-орында аяқтаған «Вест Хэм» (2022/23), 13-орындағы «Интер» (1993/94), 12-орынмен шектелген «Севилья» мен «Шальке» болған еді.