locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Торпедо» – «Ордабасы» – 4:3. Соңғы секундқа дейін созылған еурокубоктық драма. Голдар және матчқа бейнешолу

«Ордабасы» Конференциялар лигасындағы сырт алаңдағы ойында жеңіліп қалды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Торпедо» – «Ордабасы» – 4:3. Соңғы секундқа дейін созылған еурокубоктық драма. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Ордабасы ФК

10 шілде күні шымкенттік «Ордабасы» УЕФА Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында Кутаиси қаласында Грузияның «Торпедо» командасымен кездесіп, жанкешті әрі аса нәтижелі матч өткізді. Ойынның әр минуты шиеленіске толы болды, ал голдар бірінен соң бірі соғылып жатты.

Алғаш болып есепті грузиялық команда ашты: 30-минутта Джонсон мергендігімен көзге түсті. Бірақ шымкенттіктер жауапты ұзақ күттірмеді - 32-минутта Михай таразы басын теңестірді. Араға үш минут салып, Лука Имназдзенің бағыттаған добы қақпа торынан табылып, «Ордабасыны» алға шығарды. Алайда үзіліске санаулы секундтар қалғанда, Матея Шимич бірінші таймға нүкте қойып, есепті қайта теңестірді.

Екінші таймда да «Ордабасы» белсенділігін жоғалтпады. 69-минутта бұрыштамадан келген допты Сағадат Тұрсынбай дәл бағыттап, командасына үшінші голды сыйлады. Дегенмен, «Торпедо» қайта жанданып, 79-минутта Джонсон дубль жасап, ал негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттарда Шимич тағы да мергендік танытып, грузиялық ұжымға жеңіс әкелді - 4:3.

Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie