Томас Мюллер 2026 жылғы әлем чемпионатында жаңа қырынан көрінбек
Аңызға айналған футболшы теледидарда сарапшы болады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Бавария» аңызы Томас Мюллер келесі жазда өтетін футболдан Әлем чемпионаты кезінде теледидардағы сарапшы рөлін атқарады.
Мюллер Deutsche Telekom компаниясымен келісімге келіп, 2026 жылғы Әлем чемпионаты кезінде MagentaTV платформасында жұмыс істейтін болды. Теледидар эфирінде әйгілі неміс классикалық аналитикалық шолулар жасап, тікелей эфирдегі тосын пікірлерін, бейресми әңгімелерін және тактикалық кеңестерін ұсынады.
MagentaTV Германияда Әлем чемпионатының барлық 104 кездесуін тікелей эфирде көрсетеді, оның 44-і эксклюзивті болады. Қалған 60 матч ARD және ZDF арналары арқылы да көрсетіледі.
Айта кетейік, қазан айында Мюллер ең көп жүлде жеңіп алған неміс футболшысы атанып, мерейтойлық голын соқты.