locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Томас Мюллер ең көп жүлде жеңіп алған неміс футболшысы атанды және голдық мерейтойын атап өтті

«Бавария» аңызының қоржынында қазірдің өзінде 35 командалық жүлде бар
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Томас Мюллер ең көп жүлде жеңіп алған неміс футболшысы атанды және голдық мерейтойын атап өтті
ФОТО: Getty Images

«Бавария» мен Германия құрамасының аңызы Томас Мюллер ең көп жүлде жеңіп алған неміс футболшысы атанды.

Мюллер ойнайтын «Ванкувер Уайткапс» Канада кубогын иеленді. Финалда неміс шабуылшысының командасы «Ванкуверді» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұл Мюллердің мансабындағы 35-ші командалық трофейі болып отыр, бұл көрсеткіш бойынша ол Тони Кроостан бір жүлдеге озып кетті. Бұған дейін «Бавария» және «Реал» аңыздары 34 жүлдеден иеленген еді.

Сонымен қатар, Мюллер кәсіби мансабындағы 300-ші голын соқты — ол бірінші таймда 11 метрлікті тамаша орындады. Мерейтой құрметіне аңызға айналған футболшыға тәтті сыйлық — торт табыс етілді.


Мюллер жазда 25 жыл «Баварияда» ойнағаннан кейін Канадаға қоныс аударды.

Бұған дейін «Баварияның» спорт директоры Харри Кейннің клубтағы болашағы туралы шындықты ашқан еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie