locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобол» қорғаушысы ресейлік клубтардың назарына ілікті

Роман Асранқұлов ФНЛ өкілінің қызығушылығын тудырды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Тобол» қорғаушысы ресейлік клубтардың назарына ілікті
ФОТО: ФК «Тобол»

«Тобол» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Роман Асранқұлов ресейлік клубтың назарын аударды, деп хабарлайды журналист Эльдар Аманбаев.

Дереккөз мәліметінше, Асранқұловқа ФНЛ-дің өкілі «Родина» қызығушылық танытқан. Мәскеулік команда қазір Ресейдің екінші деңгейлі лигасында алтыншы орында тұр.

26 жастағы қорғаушы 2020 жылдан бері «Тоболдың» намысын қорғап келеді. Биылғы маусымда Қазақстан құрамасының (2 матч) ойыншысы клуб деңгейінде 18 кездесуге қатысып, бір гол соқты.

Асранқұлов «Тоболмен» бірге Қазақстан Кубогы-2025 жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін «Хартс» бапкері Ислам Чесноковқа сенім артып отырғанын мәлімдеген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie