locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоқаев «Атлетико Мадрид» клубының бас директорын қабылдады

Тараптар Қазақстанда футболды дамыту мәселесін талқылады
Футбол
Тоқаев «Атлетико Мадрид» клубының бас директорын қабылдады
ФОТО: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мадридтің «Атлетико» клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринмен кездесу өткізді. Тараптар ынтымақтастық перспективалары мен елдегі футбол инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мемлекет басшысы испандық клубпен өзара іс-қимылға оң баға беріп, Хиль Мариннің қазіргі сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.

«Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базаларына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламаларына белсенді инвестиция салып жатыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарының басым бөлігін жекешелендіру процесі жалғасуда», - делінген мәлімдемеде.

Кездесуде балалар футболын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан ФИФА-мен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испан футбол мектебінің жетістіктерін ерекше атап өтіп, қазақстандық талантты ойыншылардың жаңа буынын даярлау үшін озық тәжірибені зерделеуге және қолдануға қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде Мигель Анхель Хиль Марин Тоқаевқа Қазақстанда футболды дамытуға және танымал етуге көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

«Атлетико» клубының бас директоры Мадрид клубының Алматы облысындағы академиясының инфрақұрылымына да оң баға берді. Оның пікірінше, болашақта академия үздік футбол оқу-жаттығу кешендерінің біріне айналуы мүмкін.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie