Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегіне билеттер 47 мың теңге тұрады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен дат спортшысы Якоб Банк арасындағы жекпе-жекке билеттердің бастапқы бағасы белгілі болды. Бұл айқаста WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп хабарлайды Sports24.kz.
X әлеуметтік желісіндегі Håkan’s Ringside Live аккаунтының мәліметінше, билеттердің бағасы 699 дат кронынан басталады. Бұл шамамен 47 мың теңгеге тең.
Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Банктің жекпе-жегі 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді.
Қазақстандық боксшы үшін бұл айқас екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін «Қазақ стилі» орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулеріне иелік еткен.
Бұл кездесуде британдық Хамза Шираз босатқан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Әлімханұлы сол кезде екінші орта салмақтағы WBO титулының иегері болған Ширазбен жекпе-жек өткізуге тырысты. Алайда тараптар келісімге келе алмады. Осыдан кейін британдық боксшы чемпиондық атақтан бас тартты.