locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тек қана үш қамал алынбады. АПЛ-дің қай стадиондарында Эрлинг Холанд гол соқпаған?

Бірақ екеуіне алғаш рет баруға тура келеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Тек қана үш қамал алынбады. АПЛ-дің қай стадиондарында Эрлинг Холанд гол соқпаған?
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд барлық мүмкін және мүмкін емес бомбардирлік рекордтарды жаңартқандай көрінеді. Алайда, норвегиялық сұрмергеннің өзі үшін де АПЛ деңгейінде әлі алынбаған биіктер бар.

Холанд Премьер-лига командаларының 20 түрлі стадионында (өз алаңы «Этихадтан» басқа) қарсыластар қақпасына гол соққан. Ең көп голды ол «Арсенал», «Челси», «Брентфорд», «Кристал Пэлас», «Вулверхэмптон» және «Вест Хэм» клубтарының алаңдарында тіркеген – әрқайсысында үш голдан.

Норвегиялық голеадор әлі гол соқпаған үш стадион бар. Олар — «Эвертонның» жаңа стадионы мен «Сандерлендтің» алаңы, алайда бұл алаңдарда ол әлі ойнаған жоқ, сондықтан гол соғуға мүмкіндігі болмаған. Ал, өзі тер төккен алаңдардың ішінде жалғыз алынбаған қамал — «Энфилд». Бұл жерде ол үш матчта да қарсылас қақпасын бұза алмаған.

Бұған дейін «Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола өз шәкіртін каталониялық «Барселонамен» байланыстыратын қауесеттерге қатысты пікір білдірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie