locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Эрлинг онша ақымақ емес»: Гвардиола Холандтың «Барселонамен» байланысына жауап берді

Бапкер болашаққа сенімді емес
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Эрлинг онша ақымақ емес»: Гвардиола Холандтың «Барселонамен» байланысына жауап берді
ФОТО: Getty Images

Кей-кейде «Барселона» мен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандтың байланысы туралы сыбыстар шығып тұрады, әсіресе каталондық клуб президентін сайлау науқаны аясында. «Қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиола бұл әңгімелерге түсіністікпен қарайды.

«Манчестер Сити» бапкері әр клуб үшін Холанд сынды шабуылшы – арман екенін жақсы біледі, бірақ футбол құдайлары не әкелетінін өзі де білмейді.

«Маған бір ғана клубты атаңызшы, ол Холандтың өз қатарында болғанын армандамаған. «Барселона» үшін бұл арман екенін түсінемін. Егер ол бізде болмаса, «Сити» үшін де арман болар еді. Не болатынын білмеймін. Оның бізбен ұзақ мерзімді келісімі бар. Менің ойымша, ол мұнда өзін жақсы сезінеді: көп гол соғады, үнемі дамуға ұмтылады, әрдайым көбірек мүмкіндік жасап, тағы да көп гол салуды қалайды. Меніңше, Эрлинг өзіне ұнамайтын нәрсеге қол қоюға онша ақымақ емес. Бұл анық. Бірақ футболда болашақта не болатынын ешкім білмейді», – деді Гвардиола Diario Sport басылымына берген сұхбатында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie