«Өте жағымды жігіт»: Сатпаев «Олд Траффордта» фурор жасады
«Бернли» форварды Дастан Сатпаев жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастырып жатыр, алайда уақытын босқа өткізіп жүрген жоқ: Қазақстан құрамасының шабуылшысы УЕФА Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтед» пен «Сабах» арасындағы матчқа барды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Гонконгтік танымал блогер Джех Вас ойын барысында «Олд Траффорд» трибунасында отырған қазақстандық шабуылшымен бірге түсірілген видеоны жариялады.
«Дастан Сатпаев мені Гонконгта көргенінен таныды. Ол — өте жағымды жігіт», — деп жазды жарияланым авторы.
Еске салайық, «Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасының жаңа маусымын сенімді бастап, Стас Покатилов қорғайтын әзербайжандық «Сабахты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сатпаев «Мидлсбродан» 1:1 есебімен аяқталған Чемпионшип матчында алған жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастырып жатыр.
Бұған дейін «Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен Дастанның жарақатынан кейін алаңға қашан оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қазақстандық форвард «Бернли» мен «Челсидің» медициналық штабтарының бақылауымен қалпына келу процесін жалғастыруда.