locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өте сәтсіз кезең. «Ливерпульдің» көпмиллиондық жаңа ойыншысы клуб тарихындағы антирекорд орнатты

Александер Исактың мерсисайдтық клубтағы алғашқы кезеңі сәтсіз басталды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Өте сәтсіз кезең. «Ливерпульдің» көпмиллиондық жаңа ойыншысы клуб тарихындағы антирекорд орнатты
ФОТО: Getty Images

Александер Исактың «Ливерпульдегі» алғашқы кезеңі сәтсіз басталды.

Ағылшын Премьер-лигасындағы бес матчта швед шабуылшысы бірде-бір гол соға алмады.

Одан да сорақысы, Исак – Премьер-лига тарихында «Ливерпульдің» алғашқы төрт бастапқы матчында қатарынан жеңіліске ұшыраған тұңғыш ойыншысы.

Жазда мерсисайдтық клуб Исак үшін «Ньюкаслға» 145 миллион еуро төледі. Барлық турнирлерде өткізген тоғыз матчта швед форварды бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

22 қараша күні Англияның қазіргі чемпионы «Энфилдте» «Ноттингем Форестен» ойсырай жеңілді – 0:3, бұл Премьер-лиганың 12-турындағы нәтиже болды. 12 турдан кейін Арне Слоттың командасы турнир кестесінде әдеттегіден тыс төмен 11-орынды иеленіп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie