locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» «Энфилдте» «Форесттен» ойсырай ұтылып, 11-орынға сырғыды

«Ливерпуль» АПЛ аясында өз алаңында «Ноттингем Форестке» қатарынан екінші маусым жеңілді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Англияның қазіргі чемпионы «Ливерпуль» өз алаңы – «Энфилдте» премьер-лиганың 12-ші туры аясында «Ноттингем Форесттен» 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.

Алғашқы таймда-ақ қонақтар алғашқы соққымен есеп ашты — бұрыштамадан келген допты Андерсен берген паспен Мурильо голға айналдырды. «Ливерпуль» қорғаушысы Конате тағы бір мәрте сенімсіздік танытты. «Энфилд» жанкүйерлері үшін шок сәті бірнеше минуттан соң қайталанды: Игор Жезус дәл сол Конатені итеріп өтіп, Алиссон қақпасын дәл көздеді, бірақ шабуылшының қолмен ойнағаны үшін гол есепке алынбады.

Дегенмен, екінші доп «Ливерпульдің» қақпасына еніп тынды. Екінші тайм басталысымен-ақ Уильямстың пасын қабылдаған Савона айып алаңының ортасынан допты қақпаға тоғытты – 0:2. Матчтың фавориті есепті қысқартады деп күтсе де, екінші таймда Салах бастаған «Ливерпуль» шабуылы Шон Дайч командасының қақпасына еш қауіп төндіре алмады. Керісінше, «орманшылар» «Энфилд» жанкүйерлерін үшінші мәрте қапаландырды. Мурильо есепті 0:3-ке жеткізіп, төреші финалдық ысқырықтан кейін осы нәтижені тіркеді.

«Ливерпуль» чемпионаттағы 12 ойынның алтауында (яғни, 50 пайызында) жеңіліп, турнир кестесінде 11-орынға сырғыды. Ал «Ноттингем Форест» 12 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, қауіпті аймақтан шығып кетті.

Айта кетейік, «Ливерпуль» АПЛ аясында өз алаңында «Ноттингем Форестке» қатарынан екінші маусым жеңіліп отыр. Былтыр «Энфилдте» 0:1 есебімен ұтылса, биыл – 0:3.

Премьер-лига. 12-тур

«Ливерпуль» – «Ноттингем Форест» – 0:3 (0:1)

Голдар: Мурильо, 33 (0:1); Савона, 46 (0:2); Гиббс-Уайт, 79 (0:3)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie