Құтқарушы рөліндегі аңыз? Қайрат Нұрдәулетов «Атырау» клубының бас бапкері атануы мүмкін
Футболдан «Атырау» клубының бас директоры Дидар Сыдықбек Қайрат Нұрдәулетовтің бас бапкер қызметіне үміткерлердің қатарында екенін мәлімдеді.
«Біз Қайратты жақсы танимыз, құрметтейміз – ол қазақ футболының нағыз символы. Тағы бірнеше үміткер бар, бірақ алдағы екі матчтан кейін бәрі нақты белгілі болады. Егер жеңістерге қол жеткізсек, бізбен жұмыс істеуге дайын мамандар көбейетіні анық», – деді Сыдықбек «Спорт Пульс» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні «Атырау» командасы 2025 жылдың қаңтарынан бері ұжымды басқарған Константин Горовенкомен келісімшартты тоқтатқан болатын. Нұрдәулетовтің соңғы жұмыс орны – Бірінші лигада өнер көрсететін павлодарлық «Ертіс» клубы еді, ол бұл қызметтен 9 мамыр күні кеткен.
Қазіргі таңда «Атырау» Қазақстан чемпионатының 10 турынан кейін небәрі 3 ұпаймен турнирлік кестеде 13-орында тұр.