Тартыстқа толы матчта Себайдың голы «Қызылжарға» жеңіс сыйлады
10 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында «Қызылжар» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдап, табанды ойын нәтижесінде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Петропавлдықтар есепті өте ерте ашты – 12-минутта Мартинович мергендігімен көзге түсті. Алайда үзілістен кейін қонақтар жауап қайтарды: 60-минутта Вачиберадзенің дәл соққысы есепті теңестірді. Матч тең аяқталатындай көрінгенімен, қосымша уақытта Себай шешуші голды соғып, алаң иелеріне драмалық жеңіс сыйлады.
ҚПЛ. 8-тур
«Қызылжар» — «Ұлытау» — 2:1
Голдар: Мартинович 12 (1:0), Вачиберадзе 60 (1:1), Себай 90+3 (2:1)
Осы жеңістен кейін «Қызылжар» 11 ұпай жинап, турнирлік кестеде 7-орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» 2 ғана ұпаймен соңғы, 14-орында қалып отыр.
Келесі ойынын «Қызылжар» 14 мамыр күні Қазақстан Кубогының ширек финалында «Елімайға» қарсы өткізеді. Ал «Ұлытау» 18 мамырда Премьер-лига аясында «Астананы» қабылдайды.