«Қызылжар» – «Ұлытау» кездесуінің негізгі құрамдары белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қызылжар ФК
10 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясында «Қызылжар» Петропавлда «Ұлытау» командасын қабылдайды. Кездесу Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Ойын,а арналған негізгі құрамдар жарияланды.
«Қызылжар» келесі құрамда ойын бастайды: Петров — Нойок, Мартинович, Ульшин, Валиуллин, Себаи, Елеукин, Буранчиев, Козленко, Зорич және Васильев.
«Ұлытау» сапынан алғашқы минуттардан бастап алаңға шығатын ойыншылар: Павлов, Сламбеков, Кейлер, Терехов, Вачиберадзе, Солодовников, Таубай, Данияров, Молдақараев, Мансилия және Бугулов.
Ойын алдындағы турнирлік жағдайға тоқталсақ: «Қызылжар» 8 ұпаймен 9-орында тұр. Ал жезқазғандық ұжым бар болғаны 2 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.