Тарихтағы ең жас: Дастан Сатпаев Уэльс құрамасына қарсы ойынға қосалқы құрамнан шығып, Қазақстан құрамасының тарихында рекорд орнатты
Наурыздың 22-нен 23-іне қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында матч өтіп жатыр, Уэльс құрамасы өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдауда, матчтың есебі 80-минутта 2:1 есебімен Уэльс құрамасының пайдасына шешілді.
9-минутта алаң иелерінің ойыншысы Дэниел Джеймс есеп ашса, 32-минутта қазақстандықтар Асхат Тағыбергеннің пенальтиден соққан голы арқылы есепті теңестірді. Алаң иелері екінші таймды киіну бөлмесінен соққан голмен ашса, 47-минутта Бен Дэвис Уэльс құрамасының есепті еселеді.
Бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев Максим Самородовты 16 жастағы Дастан Сатпаевқа ауыстыру туралы шешім қабылдады, осылайша жас қазақстандық ұлттық құрама тарихындағы ресми матчтардағы ең жас дебютант атанды.
