Магомед Әдиев Әліптің неліктен әлі жақсы өнер көрсетпей жүргенін айтты


Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Уэльспен өткен ойында (1:3) Нұрәлі Әліпің көрсеткен ойыны туралы пікір білдірді.
«Әліп бұдан да жақсы ойнай алады. Ол мұны бұрын талай мәрте көрсеткен. Қазір «Зенитте» және оған тұрақты тәжірибе жетіспейді. Ол жақында жарақаттан оралды. Меніңше, бұл оның ең сәтті ойыны болған жоқ. Бірақ Нұрәлі бұдан да мықты. Жақын арада бабына келіп, өз деңгейіне қайта оралады деп ойлаймын», — деді «Спорт День заДнем» басылымына берген сұқбатында.
Нүрәлі Әліп Ресей Премьер-лигасының осы маусымында «Зенит» сапында 13 матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
20 наурыз күні Transfermarkt дерегіне сәйкес, Әліп Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды.
Ұлттық құрама келесі ойынын 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те Вадуц қаласындағы «Райнпарк Штадион» алаңында басталады.
