locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихы терең клуб сатылды. Турлов «Шахтердің» жаңа иесі атанды

«Шахтер» жекеменшікке өтті: клубты Тимур Турловтың компаниясы сатып алды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Тарихы терең клуб сатылды. Турлов «Шахтердің» жаңа иесі атанды
ФОТО: Шахтер ФК

Қарағандының «Шахтер» клубы ресми түрде жаңа мәртебеге ие болуда - ел футболының ең көне брендтерінің бірі жекешелендірілді. Аукцион қорытындысы бойынша клубтың жаңа иесі бизнесмен Тимур Турловқа тиесілі Freedom Holding Corp. компаниясы болды.

Жекешелендіру процесі барлық талапқа сай жүргізілді: саудаға дейін клуб активтеріне толық бағалау жасалды, енді тараптар сатып алу–сату шартын рәсімдеуге кіріседі. Бұл «Шахтер» үшін жаңа дәуірдің басталуы деген сөз - жеке меншік иесі, жаңа бюджет пен жаңартылған басқару моделіне өту.

Жекешелендіру туралы ақпарат айдың басында-ақ белгілі болған. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте аукционның қараша айының соңында өтетінін, ал бастапқы бағаның клуб деңгейіне қарай символикалық болып саналатын 50 миллион теңге екенін растаған еді.

Бұл маусым «кеншілер» үшін ауыр өтті: команда Бірінші лигада небәрі 4-орынға тұрақтап, Премьер-лигаға қайта оралу мүмкіндігін тағы да жіберіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie