locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Талавера» – «Реал Мадрид». 17 желтоқсан. Онлайн көру. Live көрсетілім

Қарапайым «Талавера» корольдік «Реалға» қарсы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Талавера» – «Реал Мадрид». 17 желтоқсан. Онлайн көру. Live көрсетілім
ФОТО: Getty images

17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға қараған түні Испания Кубогында мәртебесі мен мүмкіндігі мүлде бөлек екі команда жолығады. Турнирдің 1/16 финалында шағын ғана «Талавера» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бұл – Корольдік клубтың биылғы Кубоктағы алғашқы ойыны.

Алаң иелері бұл кезеңге кездейсоқ жеткен жоқ. «Талавера» бұған дейін екі айналымнан сүрінбей өтіп, сырт алаңда «Малаганы» (2:1) және «Райо Махадаонда» клубын (4:1) сенімді түрде жеңіп, өз мүмкіндігін барынша пайдалана білді.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Ал «Реал» үшін кубоктық жол енді ғана басталмақ. Өткен маусымда мадридтіктер трофейге бір қадам қалғанда тоқтап, финалда «Барселонаға» тартысты кездесуде 2:3 есебімен жол берген еді.

Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады. Тікелей эфир Sport Plus Kazakhstan телеарнасынан көрсетіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie