Лунин – капитандық таңғышпен. «Реалдың» Испания кубогындағы «Талавераға» қарсы матчқа құрамы белгілі болды
Хаби Алонсо тіпті кубоктық додада да ауқымды ротацияға барған жоқ
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
18 желтоқсанға қараған түні мадридтік «Реал» Испания кубогының қонақтық кездесуін үшінші дивизион өкілі «Талавераға» қарсы өткізеді. «Корольдік клубтың» бас бапкері Хаби Алонсо ойынға арналған құрамды анықтады.
Кубок регламенті бапкерге құрамды елеулі түрде жаңартуға мүмкіндік бермеді, себебі алаңда Ла Лигаға тіркелген негізгі тізімнен кемінде жеті ойыншы болуы тиіс. Соған қарамастан, бұл жолы Тибо Куртуаға да демалыс берілді. Оның орнындағы Андрей Лунин бұл ойында капитан болып шығады.
Матч 18 желтоқсан күні Астана уақытымен 01:00-де басталады. Оның тікелей трансляциясын қайдан көруге болатыны белгілі.