locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы да жарақат па? Неймар 2025 жылғы Бразилияның А сериясындағы бірінші ойынға қатыса алмайды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Тағы да жарақат па? Неймар 2025 жылғы Бразилияның А сериясындағы бірінші ойынға қатыса алмайды
ФОТО: Getty Images

Бразилиялық супержұлдыз Неймар А сериясының 31 наурыз күні өтетін «Сантос» - «Васко да Гама» ойынына қатыса алмайды, деп хабарлайды TNT Sports.

33 жастағы ойыншы жарақатынан толық айыққан жоқ және А сериясындағы алғашқы ойынға қатыса алмайды. Бұл жаңалық Неймардың жоғарғы лигаға оралуын тағатсыздана күткен «Сантос» үшін үлкен соққы болды. Ол 4 сәуірде, «Сантос» лиганың 2-ші турында «Баиямен» кездесетін ойынға дейін дайын болады деп күтілуде.

Неймар жарақатына байланысты көптен күткен шақырудан кейін Бразилия құрамасынан кетуге мәжбүр болды. Негізгі ойыншысыз «селесао» Аргентина құрамасынан 1:4 ірі есебімен жеңіліс тапты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie