locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аргентина бес гол соғылған матчта Бразилияны сенімді түрде жеңді

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Аргентина бес гол соғылған матчта Бразилияны сенімді түрде жеңді
ФОТО: Getty Images

26 наурызда әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Аргентина мен Бразилия құрамалары арасында матч өтті.
Бірінші таймда командалар төрт гол соқты. Бразилиялықтар сапында «Вулверхэмптон» ойыншысы Матеус Кунья соқса, аргентиналықтар «Атлетиконың» көшбасшысы Хулиан Альварестің, «Челсидің» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандестің, «Ливерпульдің» жұлдызы Алексис Макаллистердің дәл соққыларымен жауап қайтарды.
Матчтың екінші жартысында аргентиналықтар «Атлетиконың» тағы бір ойыншысы Джулиано Симеоненің голының арқасында есепті ұлғайтты.
Әлем чемпионаты. Оңтүстік америка. Іріктеу кезеңі. 14-тур
Аргентина – Бразилия – 4:1
Голдар: Альварес 4, Фернандес 12, Макаллистер 37, Симеоне 71 - Кунья 26.
Аргентина Бразилиямен ойын алдында да 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып қойған еді.
Қазіргі әлем чемпиондары Аргентина 31 ұпаймен КОНМЕБОЛ іріктеу тобында көш бастады. Бразилиялықтар 21 ұпаймен төртінші орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie