Стас Покатилов ЧЛ алдында «Сабахпен» бірге «Зиряны» ойсырата жеңді
Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» Әзербайжан чемпионатының төртінші турында «Зиряны» 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алаң иелері матчтың алғашқы бөлігінде-ақ басымдықты өз қолына алды. 7-минутта Велько Симич есеп ашса, араға алты минут салып Джой-Ланс Миккельс пенальтиден мергендік танытты. 30-минутта ол екінші голын соғып, «Сабахтың» басымдығын арттырды.
Үзілістен кейін де ойын барысы өзгерген жоқ. 51-минутта Кристиан Нваучукву есепті 4:0-ге жеткізді, ал 57-минутта Миккельс үшінші рет мергендік танытып, хет-трик рәсімдеді.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов кездесуді толық өткізіп, өз қақпасына гол жіберген жоқ.
Әзербайжан чемпионаты. 4-тур
«Сабах» - «Зиря» - 5:0
Голдар: Симич, 7; Миккельс, 13 (пен.), 30, 57; Нваучукву, 51.
Бұл жеңіс «Сабах» үшін Чемпиондар лигасындағы тарихи дебют алдындағы маңызды нәтиже болды. Әзербайжандық клуб биыл алғаш рет турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Іріктеуде команда «Нью-Сейнтс», КуПС, «Орхус» және «Хапоэль Беэр-Шева» командаларын жарыстан шығарды. Покатилов Чемпиондар лигасының іріктеуіндегі сегіз матчтың барлығын негізгі құрамда бастап, төрт кездесуде қақпасын голдан аман сақтады.
Енді «Сабахты» әлдеқайда күрделі сынақ күтіп тұр. Команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуін 10 қыркүйекте сырт алаңда «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткізеді.
Осылайша, Покатилов пен «Сабах» Еуропаның басты клубтық турниріндегі алғашқы ойынына ірі жеңіспен және «құрғақ» матчпен аттанады.