locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Спартак» пен «Ахматтың» Самородов бойынша келіссөздеріндегі маңызды жайттар белгілі болды

Мәскеулік клуб ойыншы үшін шамамен 6 млн еуро төлеуге дайын
ФОТО: ФК Ахмат

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов бойынша «Спартак» пен «Ахмат» арасындағы келіссөздердің жаңа мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Чемпионаттың мәліметінше, мәскеулік клуб грозныйлық командаға ойыншы үшін 600 млн рубль (6 млн еуро) және бонус ұсынуда. Ал «Ахмат» 600 млн рубльден бөлек, бонус көлемін де арттырғысы келеді. Тараптар арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр.

Самородов 2024 жылдан бері «Ахмат» сапында өнер көрсетіп келеді. Ресей Премьер-лигасының осы маусымында Максим алты матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ресей кубогында бір гол соқты. Оның Грозный клубымен келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын команда маусымды сәтті бастаған жоқ. Грозныйлық ұжым жеті ойыннан кейін жеті ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде 11-орында тұр.

Бұған дейін Самородов «Спартакта» мансабын жалғастыруы мүмкін екені туралы ақпаратқа пікір білдірген болатын. 24 жастағы вингер таралып жатқан ақпараттарға мән бермейтінін және қазіргі командасының сапындағы ойындарына көңіл бөліп жүргенін атап өтті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie