locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сорокин Чемпиондар лигасынан не күтетінін айтты: «Сан-Сироға» барғым келді — енді барамын

Егор Сорокин «Қайраттың» Еуропаның басты клубтық турниріндегі алдағы ойындарынан не күтетінін бөлісті
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Сорокин Чемпиондар лигасынан не күтетінін айтты: Сан-Сироға барғым келді — енді барамын
ФОТО: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Егор Сорокин Sports24.kz порталына Қазақстан Премьер-лигасының 23-турындағы «Ақтөбеге» қарсы жеңісті матчы мен Чемпиондар лигасынан күтілетін әсерлері туралы пікір білдірді.

Сорокин халықаралық үзілістің команданың ойын ырғағына аздап әсер еткенін атап өтті.

«Қиын жеңіс болды, себебі ұлттық құрама ойындарына байланысты үзіліс өтті (ӘЧ іріктеу кезеңі). Бұл ойынды ұтып, үш ұпай алғанымыз жақсы болды. Алға жылжи береміз», - деді Сорокин.

Бұрын Егор «Ақтөбе» сапында ойнаған. Ол бұрынғы командасына қарсы ойнау және әдетте осы клуб төңірегіндегі қысым туралы сұраққа жауап берді.

«Иә, қарапайым матч. Қосымша мотивация деген нәрсе баяғыда өтіп кеткен. Айтарым — бұл қатардағы матч», - деп қысқа қайырды «Қайраттың» қорғаушысы.

Қысым туралы айта келе, Сорокин бұл сезім тек биылғы Чемпиондар лигасының ойындарында болатынын жеткізді.

«Әрине, белгілі бір қысым бар. Дегенмен, бұл кезеңнен ләззат аламын, себебі бұл шын мәнінде рахат. Нағыз рахат. Үздік командалардан кімді қарсылас еткім келді? Айырмашылығы жоқ. Сан-Сироға барғым келген — енді барамын. Сондықтан жеребеге ризамын, жақсы команда түсті. Біз Лиссабонға жақсы көңіл-күймен барамыз. Жеңіске жеткеніміз маңызды», - деді Сорокин Sports24.kz сайтының сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін Сорокиннің қорғаудағы серіктесі «Қайраттың» ойыншысы, ақтөбелік Александр Мрынский өзінің туған қаласының командасына қарсы ойнау қалай өтетінін айтқан еді.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Ойынның қалай өткенін мына жерден оқи аласыз.

18 қыркүйекте алматылық команда Лиссабонның «Спортингіне» қарсы сырт алаңда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчына шығады. Келесі ойын ЛЧ-де — 30 қыркүйекте Алматыда «Реал Мадридпен».

Сорокин айтып өткен Сан-Сироға сапар 4 қарашада өтеді. Дәл осы күні «Қайрат» «Интерге» қарсы Джузеппе Меацца стадионында ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie