Громыко Шерханның дебюті жайлы: Жігіт ең қиын сәтте мойыған жоқ
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко командасының КПЛ-дің 23-туры аясындағы «Ақтөбеге» қарсы жетістігін бағалады, деп хабарлайды ASNews.kz.
«Ойын оңайға соққан жоқ, дегенмен басымдық бізде болды. Басты мақсат – үш ұпай алу еді, сондықтан «әдемі футбол» немесе ойынның әсерлі шығуы екінші орынға ысырылды. Біз үшін нәтиже бәрінен жоғары болды», — деді Громыко.
Футболшы қақпашыларға қатысты жағдайға да тоқталды:
«Біз Шерханға (Қалмұрза) сендік, ол осындай сәттерге дайын екенін жақсы білеміз. Бізбен бірге жаттығады, бәріміз түсінеміз. Жарайсың, алаңға шығып, өз мүмкіндігін көрсетті. Енді ең бастысы – Темірланға тезірек сауығып кетуді тілейміз. Шынымды айтсам, ол эпизод өте қорқынышты болды».
Еске салайық, кездесудің 10-минутында «Қайраттың» негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков Уче Агбомен қақтығыстан кейін ауыр жарақат алып, алаңды зембілмен тастап шықты. Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты және матч соңына дейін қақпасын «құрғақ» сақтап қалды. Жеңіс голының авторы – Дастан Сәтпаев.