locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Соңғы 48 сағат – клубқа келгеннен бергі ең ауыр кезеңім». Мареска «Челсидің» «Эвертонды» жеңгенінен кейін мәлімдеме жасады

«Арыстандардың» бас бапкері клубтағы ахуал туралы ашық айтты
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Соңғы 48 сағат – клубқа келгеннен бергі ең ауыр кезеңім». Мареска «Челсидің» «Эвертонды» жеңгенінен кейін мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty Images

«Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска Чемпиондар лигасындағы «Аталантаға» қарсы өткен соңғы ойыннан (0:2) кейін командаға түскен қысым туралы ашық айтты.

Италиялық маман соңғы 48 сағаттың Лондон клубына келгеннен бергі ең ауыр кезең болғанын жасырмады. Себебі, «Челси» ағылшын Премьер-лигасы мен Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктерден кейін сынның астында қалды.

«‘Арсеналға’ қарсы өткен матчтан кейін көпшіліктің бізді қолдамағанын сезіндім. Соңғы 48 сағат – клубқа келген күннен бергі ең ауыр кезеңім», – деді Мареска.

Маресканың айтуынша, «Арсеналға» қарсы кездесуден соң айналасынан қолдаудың жетіспегенін анық сезінген. Бас бапкер бұл жағдай «Челсидегі» ахуалды одан әрі шиеленістіргенін жасырмайды – көпшіліктің командаға сенімін жоғалтуы атмосфераға қатты әсер етті.

Айта кетейік, ақыры «Челси» жеңіске жетті — «көктер» «Эвертонды» Коул Палмер мен Мало Гюстоның голдарының арқасында 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл — «Челсидің» соңғы бес матчтағы алғашқы жеңісі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie