«Челси» «Эвертонға» қарсы өз керемет сериясын ұзарта түсті
«Ақсүйектер» өз алаңындағы соңғы 31 ойында «иристерге» есе жіберген жоқ
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Челси» «Эвертонға» қарсы өз алаңындағы керемет жеңілмес сериясын жалғастырды.
«Ақсүйектер» «Стэмфорд Бриджде» «иристерге» қарсы қатарынан 31 матчта жеңілген жоқ. Осы 31 үй матчында «ақсүйектер» 62 гол соғып, бар болғаны 20 гол жіберіп алған.
Айта кетейік, бұл — АПЛ тарихындағы қарсыласқа қарсы «Челсидің» ең ұзақ жеңілмеген үй сериясы.
13 желтоқсанда «Челси» АПЛ-дың 16-турында «Эвертонды» сенімді түрде жеңді — есеп 2:0. «Сарғылт-көк» сапында Коул Палмер мен Мало Гюсто гол авторлары атанды.