SofaScore «Қайраттың» «Мьельбюге» қарсы матчында Анарбековке ең жоғары баға берді
Беделді SofaScore статистикалық порталы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда алматылық «Қайрат» пен швециялық «Мьельбю» арасында өткен матч қорытындысы бойынша футболшыларға жеке бағаларын берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Талдау ресурсының нұсқасы бойынша кездесудің үздік ойыншысы Қазақстан командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков атанды. Оның ойыны ең жоғары бағаға — мүмкін болған 10 балдың 10,0 баллына лайық деп танылды.
«Қайрат» футболшылары арасында екінші ең жоғары бағаны қорғаушы Еркін Тапалов алды. SofaScore оның ойынына 8,3 балл қойды.
Жалпы алғанда, алматылық клуб өкілдері жеке бағалар бойынша басым түсті. «Қайрат» ойыншыларының орташа көрсеткіші 7,75 балл болса, «Мьельбю» футболшыларының көрсеткіші 7,27 баллға жетті.
Осылайша, кездесу қорытындысы бойынша ең жоғары бағаны Анарбеков алды, ал Алматы командасы SofaScore орташа рейтингі бойынша қарсыласынан басым түсті.
Еске сала кетейік, Flashscore статистикалық порталының мәліметінше, Анарбеков кездесуді 9,2 балл бағамен аяқтады.