«Сити» мен «Лидс» арасындағы матч драма мен бес голға ұласты, жеңіс добы 90+ минутта
Ағылшын премьер-лигасының 13-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Лидсты» қабылдап, матч соңында 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы минутында-ақ Фил Фоден есеп ашып, биылғы маусымдағы АПЛ-дың ең жылдам голын соқты. Ойынның ортасында Йошко Гвардиол есепті еселеп, қалған бөлігі жай формалдылыққа айналатын сияқты көрінді.
Алайда екінші таймның басында бұрынғы «Эвертон» шабуылшысы Калверт-Льюин Нуньестің қатесін тиімді пайдаланып, Доннаруманы қапы қалдырды. Артынша Гвардиол өз айып алаңында пенальтиге себепкер болды. Доннарума пенальтиді қайтарғанымен, Нмеча допты еш кедергісіз қақпаға тоғытты – 2:2. «Қалалықтар» шабуылға лап қойды, бірақ бәрі нәтижесіз еді. Тек қосымша уақытта Фоден Шеркиден пас алып, алыс бұрышқа мінсіз соққы жасап, есепті 3:2-ге жеткізді. «Сити» үшін еңбекпен келген жеңіс!
Бұл жеңістен кейін Гвардиола шәкірттері «Арсеналдан» төрт ұпайға ғана қалып келеді, бірақ «зеңбірекшілердің» бір ойыны артық.
«Манчестер Сити» – «Лидс» – 3:2 (2:0)
Голдар: Фоден, 1 (1:0). Гвардиол, 25 (2:0). Калверт-Льюин, 49 (2:1). Нмеча, 68 (2:2). Фоден, 90+1 (3:2).
Салынбаған пенальти: Нмеча, 68 (қақпашы)