locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркістандағы голсыз ойын: «Ордабасы» мен «Қызылжар» жеңіссіз серияны жалғастырды

ФОТО: PFLK

30 наурыз күні «Түркістан-Аренада» «Ордабасы» мен «Қызылжар» кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Екі команда да әлі жеңіссіз келеді және турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып отыр.

Ойын тартысты өтті, бірақ қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. «Ордабасы» шабуылда белсенді болғанымен, «Қызылжар» қорғаныста сенімді ойнады.

Үш турдан кейін шымкенттік клуб екі ұпаймен 14-орында, ал «Қызылжар» дәл сондай көрсеткішпен 11-сатыда тұр.

Келесі турда «Ордабасы» сырт алаңда «Астанамен» ойнаса, «Қызылжар» өз алаңында Түркістанның «Туран» клубын қабылдайды.

ҚПЛ. 3 тур. 30 наурыз

«Ордабасы» — «Қызылжар» 0:0

ФОТО: PFLK
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie