Жанғылышбай «Ордабасыға» қарсы матч туралы: Қарқынды ойын және мүлт кеткен мүмкіндіктер


«Қызылжар» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы «Ордабасыға» қарсы матчты қорытындылады, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
– «Ойын өте тартысты өтті – екі командаға да ұпай ауадай қажет болды, сондықтан алаңдағы күрес соңына дейін жалғасты. Бізде бірнеше жақсы мүмкіндік болды, бірақ, өкінішке қарай, оларды голға айналдыра алмадық. Жұмысымызды жалғастырып, форма жинап, командаға барынша пайда әкелуге тырысамыз», – деді Жанғылышбай.
«Қызылжар» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Үш турдан кейін петропавлдық клуб екі ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. Келесі ойынын Александр Бразевичтің шәкірттері 12 сәуір күні Қазақстан Кубогы аясында «Қайсарға» қарсы өткізеді.

Футбол
Бүгін 06:03
