locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шымкент әкімі «Ордабасыдағы» Мартиннің болашағына қатысты шешім қабылдады

Бапкер қала басшысымен болған әңгіме туралы айтты
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Шымкент әкімі «Ордабасыдағы» Мартиннің болашағына қатысты шешім қабылдады
ФОТО: ФК «Ордабасы»

Чемпионаттағы жетінші орын мен кубок финалындағы жеңілістен кейін «Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартиннің болашағы бұлыңғыр көрінген еді. Бәрін клуб басшылығымен болатын кездесу шешуі тиіс болатын, ал молдовалдық маман оның қалай өткені туралы баяндап берді.

Мартиннің айтуынша, Шымкент әкімі оған сенім білдірген, бірақ бапкер нәтиже үшін «Ордабасыға» төрт-бес трансфер қажет екенін атап өтті.

«Облыс әкімімен кездесу өткіздік, онда жақында аяқталған маусымның қорытындысы жасалды. Қала әкімі маған және клубтағы жұмысыма келесі маусымда қолдау көрсететінін білдірді. Мен келесі жылы чемпионатта және еурокубоктарға шығу үшін клубқа ең алдымен күшейту, яғни төрт-бес ойыншыны алу қажет екенін атап өттім», – деді Мартин moldfootball.com сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін Шымкент клубының бұрынғы ойыншысына 30 миллион теңгеден астам қарызы бары белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie