locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Біреулер менің кетуімді қоздырып жүр»: «Ордабасы» бапкері қызметінен кетуге ниетті емес

Оның ойынша, Шымкенттегі миссиясы әлі аяқталған жоқ
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Біреулер менің кетуімді қоздырып жүр»: «Ордабасы» бапкері қызметінен кетуге ниетті емес
ФОТО: ФК Ордабасы

Сәтсіз маусым аясында «Ордабасы» командасының бас бапкері Андрей Мартиннің отставкасын талап еткендер пайда болды. Молдавиялық маман әзірге кетуге асығар емес.

Мартиннің айтуынша, оның отставкасы туралы әдейі баспасөзде әңгіме қоздырылып жатыр, ал жанкүйерлер тарапынан қолдау жеткілікті. Өз болашағы туралы нақты шешімді ол Шымкент әкімімен кездесу кезінде мәлімдейді.

«Командадан менің кетуімді баспасөзде біреулер әдейі қоздырып жүр. Бұл мәселе жөнінде айтарым, менің қолымда тағы бір жылға жарамды келісімшарт бар. Қаланың тұрғындарының мені әрі команданы қолдап жүргенін көріп жүрмін. Дегенмен, өзге пікірлер де бар екені рас.

Мен бұл жерде жұмысымды әлі аяқтаған жоқпын – бастаған ісімді жалғастыруға ынталымын. Сондықтан маусым аяқталғаннан кейін міндетті түрде басшылықпен отырып, алдағы жоспарларымызды талқылаймыз. Шымкент әкіміне маған және командаға көрсеткен қолдауы үшін айрықша алғысымды білдіргім келеді», – деді Мартин moldfootball.com сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін жанкүйерлер тек бапкерлік құрамның ғана емес, клуб басшылығын да ауыстыруды талап еткені хабарланған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie