«Шахтер» иск дайындап жатыр: клуб Мудрик ісіне байланысты УАФ-ты сотқа бермек
Донецк клубы Украин футбол қауымдастығын «Челси» жартылай қорғаушысының допинг жанжалына қатысы болуы мүмкін деп айыптауда
Донецктің «Шахтері» Украин футбол қауымдастығын сотқа беруге ниетті, деп хабарлайды журналист Игорь Бурбас.
Апаратқа сәйкес, егер Михаил Мудрик ұлттық құрама жиыны кезінде тыйым салынған препараттарды қабылдағаны дәлелденсе, клуб ресми түрде талап-арыз түсіреді.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айынан бері «Челси» жартылай қорғаушысы уақытша дисквалификацияда. Себебі оның допинг сынамасынан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тыйым салған мельдоний табылған. Соңғы рет ол қараша айында Еуропа конференция лигасында Германияның «Хайденхайм» командасына қарсы алаңға шығып, бір гол соққан еді.
Өз құқығын қорғау үшін Мудрик бұған дейін Поль Погбаның ісін жүргізген Morgan Sports Law заң фирмасын тартты.
Футболшы 2023 жылдың қаңтарында «Челсиге» ауысқан. Сол уақыттан бері ол лондондық клуб үшін барлығы 73 матч өткізіп, 10 гол соғып және 9 нәтижелі пас берген.