«Шахтер» «Қайраттың» түлегін қатарға қосқысы келеді
Қарағандылық клуб Андрей Ульшинмен орталық алаңды күшейтуді жоспарлап отыр
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ҚФФ
BorodAbata.kz мәліметінше, Қарағандының «Шахтері» «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшинге қызығушылық танытуда. Клуб жазғы трансферлік кезеңде сапасын арттырып, ҚПЛ-ге шығу мүмкіндігін арттырғысы келеді.
«Қайрат» академиясының түлегі Ульшин Петропавл клубының сапында сегіз ойын өткізіп, бір гол мен бір ассистпен көзге түсті. Ол 2020–2024 жылдар аралығында алматылық командада ойнаған.
Алайда «Қызылжар» футболшыны жіберуге асығар емес — клуб бұл трансферге сақтықпен қарап отыр.
«Шахтер» уақытша бас бапкерін атады — команданы Александр Кузнецов тізгіндеді.